Қазақстан • 13 Наурыз, 2019

Министр жаңа үй кілтін табыстады

1239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов үкіметтік комиссия құрамында Атырау облысына жұмыс сапарымен келді.

Министр жаңа үй кілтін табыстады

Исатай ауданына барған министр көп балалы отбасына жаңа үйдің кілтін табыстау рәсіміне қатысты.  Ақмарал Қадырова жақында «Күміс алқа» төсбелгісімен марапатталған. Жетінші перзентін күтіп отыр.   Ұзақ уақыт бойы отағасы  жұмысқа орналаса алмаған.   Ескі үйде жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.  Жергілікті кәсіпкер, облыстық мәслихаттың депутаты Алмас Аманбаев Тұщықұдық ауылының тұрғынынан үй сатып алып, осы  көп балалы отбасына сыйлады.

- Бұрыннан ойымда жүрген іс еді,  ыңғайлы сәт болмады, бір отбасына болса да көмектескеніме қуаныштымын, - дейді Алмас.

Аудан әкімі Марат Мурзиев өңірде кәсіпкерлердің белсенділігі жоғары екенін,  бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында атқарылып жатқан шараларды атап өтті.

   -           Ауданымызда кәсіпкердің қолдауымен баспанаға ие болып отырған алғашқы отбасы. Мұндай қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да  жалғасын табады деген сенімдемін. Себебі, жылдан-жылға кәсіпкерлердің саны артып, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға материалдық көмек көрсетемін деушілердің қатары көбейіп келеді, - дейді аудан әкімі.

Жалпы ауданда күнкөріс есебінен төмен табыс табатын 140 отбасы бар.

Бақытгүл БАБАШ,

«Egemen Qazaqstan»

Атырау